Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде «Тіл – ұлт қазынасы» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының басты мақсаты – оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, өзге тілдер мен мәдениеттерді сыйлауға, достық пен бірлікті бағалауға тәрбиелеу болды.
Әр тапсырма арқылы балалар тіл – жай ғана қарым-қатынас құралы емес, ол – ұлттың тарихы, рухы, мәдениеті мен баға жетпес қазынасы екенін тереңірек түсінді.
Сынып сағаты оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, туған тілге деген мақтаныш сезімін оятып, «Тілге құрмет – елге құрмет» деген ұғымның мәнін сезінуге мүмкіндік берді.
Тіліміз тұғырлы, еліміздің бірлігі бекем болсын! Ана тілімізді ардақтап, оның мәртебесін бірге асқақтатайық! ![]()


