Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;
2) портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
6) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
7) ПББ өткендігі туралы сертификат;
8) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);
9) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;
10) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.
11) Эссе (250–300 сөз)

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;
3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар:
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.
Қызмет берушінің ЭЦҚ, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777, болған жағдайда порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.

Қосымша ақпарат көздері