Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
2) крсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші келетін ұйымға ұсыну үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошталық мекен-жай, электрондық пошта мекен-жайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген келу туралы есептен шығару талонын береді немесе дәлелді бас тартады.
Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім алушы келетін көрсетілетін қызметті беруші басқа білім беру ұйымына келу туралы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген есептен шығару талонын ұсынады.
Оқуға келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы кететін орта білім беру ұйымынан құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алу үшін ұсынылады.
Келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алуға кететін орта білім беру ұйымына беріледі.
Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/ шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстыру жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
портал арқылы:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);
көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде)
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);
2) құжаттарды қабылдау туралы есептен шығару талонында баланың толық аты-жөні, сыныбы, оқыту тілі, мектебі, білім беру ұйымының телефондары мен электронды мекен-жайы (ресми интернет-ресурсы) (Қазақстан Республикасынан кетуін растайтын құжат ұсынатын, Қазақстан Республикасынан кетіп жатқан білім алушыларды қоспағанда) көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы
2) Өтініш беру мерзімі осы ережелерде белгіленген мерзімге сәйкес келмейді

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар:
1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
2) қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі 30 минуттан аспайды. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Қосымша ақпарат көздері